«Рухани жаңғыру» Ақтөбе облысының дамуына серпін береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Рухани жаңғыру» Ақтөбе облысының дамуына серпін береді

20.04.2018

Бүгін Астанада өңір басшысы Бердібек Сапарбаев бағдарлама аясында іске асырылып жатқан алғашқы жылдың жұмыс қорытындыларын баяндады. Оның айтуынша, «Рухани жаңғыру» облыс экономикасын дамытуға, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізген. Өңір бойынша жалпы құны 12,5 миллиард теңгеге 89 ірі жоба іске асырылды. Соның бірі - былтыр өткізілген «Туған жер» республикалық жерлестер форумы. Мұндай шара Қазақстанда алғашқы рет ұйымдастырылды. АҚШ, Германия, Ресей, Әзірбайжан сынды әлемнің 20 елінен Ақтөбе облысының 300-ге жуық тумасы жиналып, форум аясында 80 миллиард теңге болатын 20 меморандумға қол қойылды.

Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе облысының әкімі:

- Осы бағдарламаның аясында біз «Туған жерге тағзым» акциясын жүзеге асырып жатырмыз. Былтыр осы акцияның төңірегінде құны 5,7 миллиард болатын 614 жоба жүзеге асты. Ол өңірде шешілмей жатқан әлеуметтік мәселелерді шешуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға көмегін, әсерін тигізді.

Хабарламаларға жазылу