Мәжіліс депутаттары Алматыдағы өндіріс орындарын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Алматыдағы өндіріс орындарын аралады

12.07.2021

Алматыда бір топ Мәжіліс депутаты өндіріс орындарын аралады. Олар жиһаз, кондитерлік және галантерея бұйымдарын, кеңсе тауарларын, маскалар мен азық-түлік қаптамаларын шығаратын орындардың жұмысымен танысты. 9 шағын өндірісте 120 адам тұрақты жұмыс істейді. Кәсіпкерлер алаңдарды жалға алу құнына риза. Бұл қажетті өнімді уақытылы шығаруға мүмкіндік береді дейді. Шаћардың жол картасы бойынша осындай 300-ге жуық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Сол арқылы 25 мыңнан аса жаңа жұмыс орындары құрылмақ. Бұл мақсатқа барлығы 18 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінді. Халық қалаулылары шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған іс-шараларды жоғары бағалап, ұсыныстар ескерусіз қалмайтынын жеткізді.

Бекқали Торғаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жол картасы және сайлаушыларымыздың қандай ұсыныстары бар, қандай заңдарға өзгерістер енгізу керек. Өткен, осы апта бар, өзіміздің жұмыс сапарымыздың соңына таман қала басшыларымен кездесеміз. Сол жерде де көтереміз. Халықтың қандай сауалдары бар. Қандай мәселелер шешілмей жатыр деген сияқты. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу