Наурыз айында жоспарланған ҰБТ кейінге шегеріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Мектеп оқушыларының оқу мерзімі ұзартылмайды. Оған негіз жоқ. Егер эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап жатса, онда оқушылар қашықтықтан оқуға көшеді. Ал Наурыз айының соңында жоспарланған ҰБТ кейінге шегеріледі», - деді министр.