Президенті Ақордада бірқатар кездесулер өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенті Ақордада бірқатар кездесулер өткізді

11.03.2020

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бас банкир Мемлекет басына еліміздің қаржы нарығындағы қазіргі ахуал мен макро-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді. Сонымен қатар, Президент белгілі экономист Жақсыбек Құлекеевпен кездесті. Екеуара әңгіме барасында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде, бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру, экспорт тәуелділігін төмендету мәселелері талқыланды. Әрі Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимовпен кездесуде құқық қорғау жүйесіне, заң жобаларын жетілдіруге және азаматтық секторды дамытуға қатысты мәселелер сөз болды. Қоғам белсендісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбіт жиындар туралы заңда жиын өткізу туралы алдын ала ескерту қағидаты болуы тиіс деген ұстанымын қолдайтынын айтты.

Айбек ҚОБДАБАЙ


Хабарламаларға жазылу