Нұрлан Ноғаев: Бензин бағасын нарықтық шарттар реттейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрлан Ноғаев: Бензин бағасын нарықтық шарттар реттейді

10.03.2020
Нұрлан Ноғаев: Бензин бағасын нарықтық шарттар реттейді

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Үкімет отырысынан кейін тілшілердің бензин бағасына қатысты сұрақтарына жауап берді.

«Бензиннің бағасы еркін айналымда. Бәрін нарықтық шарттар реттейді. Қазақстан өзінің мұнай өндірісін қысқарта ма, ұлғайта ма деген сұраққа келер болсақ, өзіміздің бұл бағытта нақты жоспарларымыз бар. ОПЕК-тің ұстанымдары – бізге ұсыныс ретінде ғана келіп отыр. Ал қазіргі таңда бізде жоспарды өзгертетін ой жоқ», - деді министр. 

Нұрлан Ноғаев қазіргі уақытта Қазақстанда бензин бағасы тұрақты екенін айтып өтті. 

«Бензин бағасы бірнеше жылдан бері еркін нарықта. Ұсыныс пен сұраныстың нәтижесінде реттеліп келе жатыр. Оған қажет жанар-жағармай қоры жеткілікті. Еліміздегі барлық мұнай өңдеу зауыты штатты түрде жұмыс істеп жатыр», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу