Тендер арқылы қазына қаржысын қымқырмақ болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тендер арқылы қазына қаржысын қымқырмақ болған

08.09.2015
Тендер арқылы қазына қаржысын қымқырмақ болған

Оңтүстік Қазақстан облысында 92 мемлекеттік мекеме сатып алу конкурсында тауар бағасын әдейі қымбат бағада көрсетіп, тендерден пайда тапқысы келген.

Мәселен, Шымкент қаласындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі нарықтық бағасы небәрі 960 теңге тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған гигиеналық заттың құнын конкурс құжаттарында 2571 теңге деп көрсеткен. Яғни, әр заттың үстінен 1 мың 600 теңге пайда табуды көздеген.

Сондай-ақ, шаһардағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі қыс кезінде көктайғаққа қарсы себілетін тұздың бағасын екі есе артық етіп жазған. 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

 

 

Хабарламаларға жазылу