Қазақстан Қытайдан жеміс әкелуге уақытша тыйым салды. Атап айтқанда, 2 наурыздан бастап анар және цитрус дақылдарын өткізуге рұқсат жоқ. Көрші мемлекетте бау-бақшаларда карантин жарияланып, өнімді жаппай дезинфикациялау талабы қойылған. Отандық мамандар, Қытай елінің кейбір шаруалары осы талапты орындамағанын ескеріп, қатаң шара қолданғанын айтып отыр. Жеміс-жидекпен келуі мүмкін зиянкестердің адам денсаулығына еш әсері жоқ. Десе де ауыл шаруашылығына зияны болуы мүмкін-жоқ дейді, мамандар. Айта кетейік, бұл шектеудің коронавирусқа қатысы жоқ.
Бізге импортталатын жемістің жартысынан көбі Өзбекстаннан келеді. Одан кейін Түркия және Қытай өнімдері. Мамандар, Қытай нарығының жабылуы біздегі баға нарығына айтарлықтай әсер етпеуі тиіс деп отыр.
Ғабит БӨКЕНБАЙ