Короновиустың алдын алуға қатысты Бас сандәрігердің Қаулысы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Короновиустың алдын алуға қатысты Бас сандәрігердің Қаулысы шықты

02.03.2020

Елдегі қауіпсіздік шараларын сақтау үшін 1 наурыздан бастап жаңа Қаулы күшіне енді.

Ол бойынша бірінші санаттағы ел Қытайдың қатарына Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Италия және Қытайдың арнайы әкімшілік аудандары Гонконг, Макао, Тайвань кірді. Жаңа құжат бойынша өлім-жітім көп тіркеліп жатқан елдер Қытай мен Ираннан келгендердің барлығы міндетті түрде медициналық мекемеге 14 күндік карантинге жатқызылады. Одан кейін 10 күн бойы медициналық бақылауда болады. Ал Оңтүстік Корея, Жапония, Италия, Гонконг, Макао, Тайваньнан келген жолаушылар 14 күндік үй карантинде болуы тиіс. Алайда, кез келген уақытта санитарлық қызметтің шешімі бойынша олар ауруханаға оқшаулануы мүмкін. Оңтүстік Корея, Жапония, Италия, Гонконг, Макао, Тайвань  4 күндік үй карантиніне орналастырылады.

Сәуле АЛДАМҰРАТ


Хабарламаларға жазылу