Бас санитарлық дәрігердің қаулысы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бас санитарлық дәрігердің қаулысы шықты

11.05.2020

Карантин режимінің жалғасуына байланысты еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысы шықты. Оған сәйкес мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің 50 пайызын ғана жұмысқа шығара алады. Барлық нысандарда дезинфекциялық құралдардың болуы міндетті. Жұмысын қайта бастайтын нысандар үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау міндеттеледі. Қала сыртындағы блокпосттардың жұмысы да баяғыдай жалғаса береді. Облыстар мен ірі қалаларды әкімдеріне той және басқа да ауқымды бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салу тапсырылды. Екі және одан көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде міндетті түрде маска кию қажет. Ірі дүкендер, ойын сауық орталықтары, және басқа да нысандар әзірге ашылмайды. 

Хабарламаларға жазылу