Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматының бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

03.11.2020

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны 2 есе өскен. Қыркүйек-қазан айларында тіркелген науқастар 165-тен 360 адамға дейін жетті. Эпидемиологиялық тексеру жүргізгенде індетті көбіне ұжымда, көпшілік орындар, қоғамдық көлік пен көпқабатты тұрғын үйлердің кіреберістерінде жұқтырғаны белгілі болды. 

Жазира Оразқызы, тілші:
Алып шаһардағы эпидахуал күрделене түсті. Соңғы күндері КВИ жұқтыру дерегі 40-60 жастағылар арасында 31 пайыз,ал 15 пен 40 жасқа дейінгілерде 42 пайызды көрсетіп отыр. Бұған себеп - бетперде тәртібін сақтамау, қоғамдық көлікте жолаушылардың көптігі, офис қызметкерлері арасында да ковид жұқтыру көбейді. Ал жастардың түрлі жиын-той, ойын-сауық кештеріне қатысып, жанұя мүшелеріне жұқтыруы да жиілеген. Сондықтан санитарлық-эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы жаңа қаулы шықты. Оған сәйкес көпқабатты үйлерде аптасына 1 рет жүргізілетін дезинфекциялау енді 3 рет жасалады. Тұрғын үй кешендерінің баспалдақтарын, тұтқаларды, қабырғалар, балалар ойын алаңдарын түгел дезинфекцияланады. Сондай-ақ қоғамдық көліктің тазалығы да жіті назарда болады. Автопарк иелеріне автобустардың ішін соңғы аялдамада міндетті түрде дезинфекциялап, жуу міндеттелді. 
Алматы бас санитар дәрігер қаулы коронавирус

Хабарламаларға жазылу