Елжан Біртанов: Коронавирус анықталған жағдайда «Б» жоспары бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елжан Біртанов: Коронавирус анықталған жағдайда «Б» жоспары бар

02.03.2020
Елжан Біртанов: Коронавирус анықталған жағдайда «Б» жоспары бар

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус инфекциясы анықталған жағдайға «Б» жоспары дайындалғанын мәлімдеді.

«Ең бастысы – елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған адам анықталған жағдайға дайын болу. Ол тұрғыда бізде «Б» жоспары бар. Ол жоспар әзірленіп, барлық мемлекеттік органмен мақұлданды. Бұл жоспардың негізі – Қазақстан аумағында инфекцияның таралуын барынша шектеу. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органмен, әкімдікпен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді министр.

Хабарламаларға жазылу