Денсаулық сақтау министрлігі карантинге жатқызылған жолаушылардан кешірім сұрады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау министрлігі карантинге жатқызылған жолаушылардан кешірім сұрады

25.02.2020

Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі ақпанның 23-і күні карантинге жатқызылған жолаушылардан кешірім сұрады. Лайнерден шығарылған 4 қазақстандық Токио-Нұр-Сұлтан бағытындағы рейске отырғызылған. Олар әуе көлігінің артқы жағына жайғастырылыпты. Қазіргі талап бойынша жұқпалы дерт тараған елден келген кез келген азамат карантинге алынады. 

Сол себепті ұшақтан түскен барлық жолаушы медициналық орталыққа оқшауланды. Бұдан бейхабар өзге адамдар өз реніштерін әлеуметтік желіде жариялап үлгерді. Денсаулық сақтау министрі болса, коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осындай шешім қабылдауға тура келгенін айтады. 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу