Қызметкерлері жаппай COVID-19 жұқтырған аурухананың бас дәрігері қызметінен босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызметкерлері жаппай COVID-19 жұқтырған аурухананың бас дәрігері қызметінен босатылды

15.04.2020
Қызметкерлері жаппай COVID-19 жұқтырған аурухананың бас дәрігері қызметінен босатылды

Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Алмаз Джувашев қызметінен босатылды. Бұл ақпаратты Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы растады.

Қазіргі таңда аурухана карантинге жабылған.

Еске сала кетейік, бір тәулікте аталмыш аурухананың 110 медқызметкерінен коронавирус анықталған еді. Олардың кейбірі «Көктем» шипажайына карантинге жатқызылған. Олар видеоүндеу түсіріп, министрдің аталмыш жағдайға назар аударуын өтінген еді. 

Кейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Facebook-тегі парақшасында осы оқиғаға қатысты деректерді Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті басшысының орынбасары Нұрхан Сәдуақасов тексеретінін жазды. 

Хабарламаларға жазылу