Үреймен күн кешкен жұрт. Қостанай облысының Арқалық қаласында 20 жылдан бері газ қызметі жоқ. Сол себепті құрылғылар мен баллондарды тексеріп, техникалық талаптың сақталуын ешкім қадағаламайды. Яғни, газды тұтынған тұрғындардың қауіпсіздігіне жауапты мекеме жоқ. Бұл аздай, көпқабатты үйлерде жаппай газ баллондарын пайдалану қорқынышты күшейтіп отыр.
Яғни облыс бойынша да жағдай оңып тұрған жоқ. Ал Арқалықтағы қауіпті сейілтудің нақты жоспары жасалмаған. Мамандар көгілдір отынды бұрынғыдай арнайы газгольдерлерге толтырып орталықтандырған жүйе арқылы беруді қалпына келтіру керек екенін айтады. Бірақ бұл сөз жүзіндегі ұсыныс қана. Демек тұтас бір қала тұрғындарының қауіпсіздігі биліктің назарынан тыс қалып тұр.
Дәуренбек ӘБДІБЕК