Қытайда коронавирус құрбандарының саны 2592-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирус құрбандарының саны 2592-ге жетті

24.02.2020
Қытайда коронавирус құрбандарының саны 2592-ге жетті

Қытайда коронавирус құрбандарының саны 2592-ге жетті. Індетті бұл елде 77 150 адам жұқтырған. 24 734 науқас емделіп, ауруханалардан шығарылды

Қазіргі уақытта 49 824 адам ауырып жатыр, оның 9915-і ауыр халде жатыр. 

Өткен тәулікте әлем бойынша 409 жаңа жұқтыру оқиғасы тіркелген. 1846 адам ауруханадан шығарылса, 140 адам қайтыс болған. Науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған 97 мың адам дәрігерлер бақылауында. 

Ал Оңтүстік Кореяда коронавирустан қайтыс болғандар саны 7 адамға жетті. Дертке шалдыққандардың жалпы саны - 763. Коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында елдің білім министрлігі барлық балабақша мен мектептерге жаңа семестрдің басталуын бір аптаға шегере тұруды тапсырды.

Ria.ru

Хабарламаларға жазылу