Қордай ауданында полицейлерге күш көрсеткен үш ағайынды қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қордай ауданында полицейлерге күш көрсеткен үш ағайынды қамауға алынды

18.02.2020
Қордай ауданында полицейлерге күш көрсеткен үш ағайынды қамауға алынды

Қордай ауданының полиция қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықты тергеу аяқталды, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе аулында жол полициясы қызметкерлерімен патрульдеу кезінде Л.Воингуйдің басқаруындағы Honda Odyssey автокөлігі тоқтатылған. Көлікке арналған құжаттары болмағандықтан, Л.Воингуйға полиция бөліміне бару ұсынылған. Алайда ол офицерлердің талаптарын орындамай, үйіне қарай бет алған және кейіннен ағалары А.Воингуй және М.Воингуймен бірлесіп, полиция қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылық жасаған. 

Осы оқиғаның видеосы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таралған еді.

Аталған факті бойынша Бас прокуратураның арнайы прокурорымен Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Үш айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, тергеу сотымен қамауға алынды. 14 ақпанда қылмыстық іс айыптау актісімен Қордай аудандық сотына жолданды.

Хабарламаларға жазылу