Қытай үкіметі коронавирустың ошағына айналған Хубэй провинциясында 60 миллион адамға үйден шықпау туралы нұсқау беріп, онда карантинді тіпті күшейтіп отыр.
Соңғы мәліметке қарағанда, қауіпті инфекциядан қайтыс болғандардың саны 1868-ге жеткен. Ал оны жұқтырғандар 72430-дан асып кетті. Дегенмен өткен тәулікте жұмбақ пневмония анықталған адамдар қатары 2 мыңнан төмен болды. Бірақ кейбір сарапшылардың ескертуінше, вирустың тарау қарқыны әлі де жоғары, сондықтан сақтық шаралары әлсіремеуі керек.
Арыстан Рысбек