Жүздеген адам қаржы пирамидаларына кіріп, алданып қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүздеген адам қаржы пирамидаларына кіріп, алданып қалған

17.02.2020

Ақтөбеде жүздеген тұрғынды алдаған тағы бір қаржы ұйымы анықталды. Салымшылар ұйымды құрған адам - бұрынғы аудан әкімінің орынбасары екенін айтады. Дегенмен, қазір оның қайда екенін ешкім білмейді.

Шағымданған жұрттың сөзінше, «Голден сити-200» деп аталған ұйым бір айда 1350 келісім-шарт жасап үлгерген. Әр келісім құны кем дегенде 300 мың теңге болуы тиіс. Салымшылардың дені компания басшысының жерлестері болып шықты. Олар да Ішкі істер органдарына арызданған. Іске жергілікті атқамінерлер араласты.

Облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты «қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету бабы бойынша тергеу бастады.

 Бұл Ақтөбеде тіркелген бірінші жағдай емес. Естеріңізге салсақ, өткен аптада да тағы бір қаржы ұйымының жолы кесіліп, Ресейдің екі азаматы қамауға алынды. Полиция департаменті зардап шеккендер саны 15 мыңға жуықтайтынын хабарлады.

Жақсыбек КЕМАЛ


Хабарламаларға жазылу