Еліміздің қаржы нарығындағы жағдай тұрақты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің қаржы нарығындағы жағдай тұрақты

24.07.2017

Бұл туралы Үкіметтің биылғы жылдың алғашқы алты айы бойынша дайындаған есебінде айтылған. Мәліметке сәйкес, банктер ұлттық валютада берілетін қысқа және ұзақ мерзімді несие көлемін арттырды. Ал, шетелдік валютамен берілетін несие керісінше азайды. Бұл қарыз алушыларды девальвациялық қауіптерден қорғайды делінген есепте.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу