Абайдың 175 жылдығына орай ақындар айтысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абайдың 175 жылдығына орай ақындар айтысы өтті

10.02.2020
Абайдың 175 жылдығына орай ақындар айтысы өтті

Елордада «Адамзаттың алыбы – хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысы өтті. Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шара Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, «Nur Otan» партиясының қолдауымен өткізілді.

Аламан айтысқа 16 ақын қатысты. Ақындар Абайдың шығармаларын тілге тиек етіп, адам бойындағы жағымсыз қасиеттерді сынап, кемеңгер ақын насихаттаған адамзатқа ортақ құндылықтар туралы толғады. Республикалық айтыстың бас жүлдесін Мұхтар Ниязов иеленді. 



Хабарламаларға жазылу