Балқашта Шашубай Қошқарбайұлының 150 жылдығына арналған айтыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқашта Шашубай Қошқарбайұлының 150 жылдығына арналған айтыс өтті

30.09.2015
Балқашта Шашубай Қошқарбайұлының 150 жылдығына арналған айтыс өтті

Шашубай Қошқарбайұлының туғанына биыл - 150 жыл. Осыған орай, Қарағанды облысы, Балқаш қаласында аймақтық ақындар айтысы өтті.

Ақын Шашубай Қошқарбайұылының 150 жылдығына арналған айтыстың бас жүлдесі қарағандылық ақын Айтбай Жұмағұловқа бұйырды. I орынды Ақтоғай ауданынан қатысқан Еркебұлан Мүбәрак, II орынды Қарағанды қаласының атынан сынға түскен Дидар Қамиев, III орынды жезқазғандық Ботагөз Мұхиден еншіледі.

Айтысқа қатысқан өзге ақындар Мәди Қасымов, Қайрат Иманбеков, Ұланғасыр Қамиев, Нұрмұхамбет Байсүгіров, Аспанбек Шұғатаев, Айбек Ережептер арнайы жүлделермен марапатталды.

 

Хабарламаларға жазылу