Бағдат Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бағдат Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

10.02.2020
Бағдат Манзоров Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров өз еркімен жұмысынан кетті. Өңір басшысы Амандық Баталов орынбасарын аппарат жиынында жылы пікірмен шығарып салды. 

Облыс әкімі Амандық Баталов Бағдат Манзоровтың жұмыс істеген уақытында өз ісінің кәсіби шебері екенін дәлелдеп, тәжірбиелі жетекші екенін көрсете білгенін тілге тиек етті. 

Сондай-ақ Арыс қаласын қалпына келтіруге күш салып, өңірді газдандыруда, тұрғындарды жылумен қамтамасыз етуге қосқан елеулі еңбегін ескеріп, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Өз кезегінде экс-орынбасар жеті айда біраз іс атқарылғанын айтып, әріптестеріне алғыс білдірді. Алғашқы іссапарын облыс басшысымен Арыс қаласынан бастап, шаһарды қалпына келтіруде жауапты жүктемелерді сәтті орындап шыққанын жеткізді. 

Еске салсақ, Бағдат Манзоров 2019 жылдың шілде айында Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Қыркүйек айында аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Қазан айында одан барлық айып алынып, қызметіне қайта кіріскен болатын. 


Хабарламаларға жазылу