Қордайдағы жағдайға байланысты еліміздің зиялы қауым өкілдері халықты сабырға шақыруда. Түрлі арандатушы ақпардың жетегіне ермей, ақыл-ой таразысына салынған әрекеттерге үндеп жатыр.
Мәселен, Халық әртісі Асанәлі Әшімов шетте Қазақстан туралы жақсы пікір қалыптасқанын айта келіп, бұл әңгімені тоқтатып, әрі қарай ушықтырмаға кеңес берді.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Сауытбек Әбдірахманов та тұрмыстық сипатта түрлі қақтығыстарға этносаралық сипат беріп, мұндай заңға қайшы әрекеттерге баруға ешкімге жол берілмейтінін айтты. «Тыныштық пен татулық болмаса, ештеңе де болмайтынын әрбір қазақстандық ұмытпауы керек», - дейді.
Оңғар АЛПЫСБАЙ