Халық әртісі Әсанәлі Әшімов отбасымен бірге референдумға қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халық әртісі Әсанәлі Әшімов отбасымен бірге референдумға қатысты

05.06.2022

Актер, халық әртісі Әсанәлі Әшімов те отбасымен бірге референдумға қатысып өз таңдауын жасады. Өнер тарланы жұмыс сапарына байланысты Шымкент қаласындағы референдум учаскесінде дауыс берді. Актер дауыс беру арқылы «ел болашағы мен кемел келешегінің бағдарын айқындадым, - дейді. Сондай-ақ бүгінгі референдум елдігімізді айқындайтын, болашағымызды білдіретін үлкен маңызды шара және үлкен мереке екенін айта келіп, оған бір кісідей қатысудың өзі бірлігімізді, елдігімізді көрсетеді,-деп ой түйді.

Асанәлі Әшімов, актер, КСРО және Қазақстанның халық әртісі:

Жаңалық көп қазір. Сол жаңалықтың бәрі іске асатын болса мемлекетіміз беделді елдер қатарына қосылады деп есептеймін. Сондықтан әр уақытта жаңалыққа, ғылым-білімге ұмтылуымыз керек. Бүгін мына үлкен мейрам соның бір айғағы. Соның бастамасы.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу