Алдағы күндері елімізде ауа райы күрт өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы күндері елімізде ауа райы күрт өзгереді

07.02.2020

Алдағы күндері елімізде екпінді жел, көктайғақ, тұман, жаяу бұрқасын болады. Осыған байланысты еліміздің 5 облысында республикалық маңызы бар атвожолдар жабылды. Алдағы уақыттағы ауа-райының өзгеруін Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті смс хабарламалар мен «Дәрмен» қосымшасы арқылы хабарлап отырады.  

8-9 ақпан күндері ел аумағында жаңбыр аралас қар жауып, тұман болады. Ауа температурасы жылы болғанымен, екіпнді желдің себебінен Қазақстанның батыс және солтүстік аймақтарында жаяу бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін. Мұның барлығы батыстан солтүстікке жылжыған Қара теңіздік циклонның әсерінен дейді синоптиктер.

Күрделі метрологиялық жағдайға байланысты Төтенше жағдайлар комитеті алыс жолға шығудан бас тартып, көлік жүргізушілерімен қатар жаяу жүргіншілердің сақ болуын ескертеді.

Таңғы алтыдан бастап Нұр-Сұлтан қаласы бойнша 31268 текше метр қар шығарылған. Ал қар тазалау жұмыстарына 1200-ден стам арнайы текхник жұмылдырылған. Алдағы күндерге дауылды ескертпе жарияланғандықтан, қар тазалау жұмыстары тәулік бойы жалғасады.

Махамбет БЕЙБІТШІЛІК


Хабарламаларға жазылу