Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікке қатысты тағы бір жоба іске аспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікке қатысты тағы бір жоба іске аспақ

06.02.2020

Қазіргі таңда бүкіл әлемде оның ішінде Қазақстанда жаңа тренд – әлеуметтік кәсіпкерлік деген ұғым пайда болды. Бұл әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа тарту мақсатында жүзеге асатын шара. Ресми мәлімет бойынша Қазақстанда 150-ден астам, ал бейресми 500-ге жуық әлеуметтік кәсіпкер бар. Яғни мұндай іспен айналысатын адамдар жыл санап көбейіп келеді. Ел экономикасы үшін әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуы несімен пайдалы?  

Әлеуметтік кәсіпкерлік экономиканың таяуда ғана пайда болған секторы. Әлеуметтік жобалар ең алдымен, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін құрылады. Екіншіден, бұл кәсіпорын өзін-өзі ақтап, нарық заңдылықтарымен өмір сүруі керек. Десе де, әлеуметтік кәсіпкерлерге ерекше мән беріп, қолдау көрсетуіміз керектігін айтады мамандар.

Жақын арада әлеуметтік кәсіпкерлікке қатысты елімізде тағы бір жоба іске аспақ. Енді мүмкіндігі шектеулі жандар үйде отырып-ақ, онлайын тапсырыс алып жұмыс істеуге мүмкіндік алады. Дәл осы сала не үкімет, не бизнес орындай алмай отырған кейбір түйткілді мәселелерді шешуге қауқарлы. Себебі мұндай кәсіп иелерінің әлеуметтік миссиясы коммерциялық мүддеден жоғары тұрады.

Саламат ОМАШ


Хабарламаларға жазылу