Қазақтан мен Үндістан арасында 26 жоба іске аспақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақтан мен Үндістан арасында 26 жоба іске аспақ

07.07.2015
Қазақтан мен Үндістан арасында 26 жоба іске аспақ

Алдағы 5-7 жыл ішінде Қазақтан мен Үндістан арасында болашағы зор 26 жоба іске аспақ. Олардың құны - 2 миллиард АҚШ доллары.

Маңызды жобалар энергетика, көлік жасау, металлургия, ақпараттық технологиялар саласын қамтиды.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен қос елдің бизнес-форумы аясында айтылды. Халықаралық жиында еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары кеңінен талқыланды.

Сондай-ақ, форум барысында телекөпір арқылы Атырау облысының Сәтбаев блогындағы бірінші барлау ұңғымасы салтанатты түрде іске қосылды. 

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу