Қытайда коронавирустан бір тәулікте 73 адам қайтыс болды

06.02.2020
Қытайда коронавирустан бір тәулікте 73 адам қайтыс болды

Қытайда коронавирустан 563 адам қайтыс болды, вирус жұқтырғандардың саны 28018-ге жетті, ауруханадан 1153 адам шығарылды. Қазіргі уақытта 24 мыңнан астам адам коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тіркеуде тұр, 186 мыңы медициналық бақылауға алынған.

Айта кетейік, Қытайдың Ухан қаласында жаңа туған сәбидің коронавирус жұқтырғаны расталды.

Сәби дүниеге келген соң 30 сағаттан соң коронавирус инфекциясына тексерілген. Осы уақытта анасының талдауы коронавирусқа оң нәтиже берген. Нәресте Ухандағы мамандандырылған балалар ауруханасында бақылауда, оның жағдайы тұрақты деп бағаланды. 

Қытайлық дәрігерлер инфекцияның анадан балаға тікелей берілуі мүмкін екенін айтады. 

Фото: REUTERS / CNS Photo

Хабарламаларға жазылу