Италияда коронавирустан қайтыс болғандар саны Қытайдан асып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда коронавирустан қайтыс болғандар саны Қытайдан асып кетті

20.03.2020
Италияда коронавирустан қайтыс болғандар саны Қытайдан асып кетті

Соңғы тәулікте Италияда індеттен 427 адам қайтыс болған. Елде коронавирустан көз жұмғандар саны 3405 болды. Ал Қытайда 3248 адам қайтыс болды.

Жалпы, Италияда 41 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Соңғы 24 сағат ішінде 5322 адамнан вирус анықталған. 

Италияда міндетті 14 күндік карантин 12 наурызда басталды. Билік өкілдері оны ұзартпақшы. 

Сондай-ақ үкімет тағы да қосымша шаралар енгізуге ниетті. Атап айтқанда, халықтың таза ауада жүріп-тұруына шектеу қойылады. Азық-түлік дүкендерінің демалыс күндердегі жұмыс уақыты қысқарады. Жұмыс істеп тұрған банктер мен пошталарда қызметкерлер саны азаюда.

bbc.com

Хабарламаларға жазылу