Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап артуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап артуда

04.02.2020

Қытайда коронавирус жұқтырғандардың саны шын мәнінде он есе көп болуы мүмкін. Мұны Гонконг университетінің дәрігерлері болжап отыр. Олардың дерегінше, қаңтардың 25-іне дейін жұмбақ пневмонияға 75 мың адам шалдыққан. Ал ресми мәліметтерде сол күнге дейін тек 2 мың адамның ауырғаны айтылды.

Әйгілі «Лансет» медициналық журналы да коронавирустың біз ойлағаннан әлдеқайда тез тарап жатқанын хабарлады. 

Соңғы ақпаратқа жүгінсек, өткен тәуліктің өзінде бұл инфекциядан 64 адам қайтыс болып, құрбандардың жалпы саны 425-ке жетті. Ал жұқтырғандар 20400-ден асқан. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу