Теміртаудағы сауда дүңгіршегінде газ баллоны жарылып, 5 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Теміртаудағы сауда дүңгіршегінде газ баллоны жарылып, 5 адам зардап шекті

31.01.2020

Теміртаудағы орталық базар маңындағы сауда дүңгіршегінде газ баллоны жарылып, 5 адам зардап шекті. Оның бірі - 4 жастағы бүлдіршін. 

Көгілдір отын сауда орнында тамақ әзірлеу үшін қолданылған. Атылған кезде көліктің тіркемесі тұтанып, маңайындағы адамдарды күйік шалған. Жарақат алғандар әуелі қалалық ауруханаға жеткізілген. Кейін Қарағандыдағы Мақажанов атындағы клиникаға ауыстырылды.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу