Асқар Мамин бірқатар елдердің үкімет басшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асқар Мамин бірқатар елдердің үкімет басшыларымен кездесті

30.01.2020

Бүгін Асқар Мамин Беларусь пен Молдованың үкімет басшыларымен кездесті. Олар Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына және «Digital Almaty» форумына қатысу үшін Алматыға келген болатын. Беларусь Премьер-Министрі Сергей Румаспен инвестициялық, индустриялық, агроөнеркәсіп, энергетикалық, транзиттік-көліктік, әскери-техника салаларындағы, сондай-ақ интеграциялық бірлестіктер аясындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Қазір Қазақстан мен Беларусь арасындағы қарым-қатынастар екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың табысты әрі тиімді үлгісін көрсетеді. Ал Молдова Премьер-министрі Ион Кикумен кездесу барысында екіжақты экономикалық ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл перспективалары сөз болды. Үкімет басшысы Қазақстанның Молдовамен сауда-экономикалық, инвестициялық, агроөнеркәсіп және басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамытуы үшін әлеуеттің жеткілікті екенін атап өтті.


Хабарламаларға жазылу