Премьер-Министр АҚШ-та ірі компаниялардың басшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министр АҚШ-та ірі компаниялардың басшыларымен кездесті

11.12.2019

Асқар Мамин «Тесла» компаниясына барды. Зауытын аралап, кеңсесін көрген Үкімет басшысы компания басшылығымен Қазақстанда электромобильдерге сервис орталықтарын ашу мәселесін талқылады. Премьер-Министр Америка Құрама Штаттарындағы жұмыс сапары аясында бұдан бөлек Сан-Франциско қаласындағы ең ірі компаниялардың басшыларымен кездесу өткізді. Олардың арасында венчурлық қаржы, цифрлық даму, энергетика саласындағы әлемнің жетекші ұжымдары бар. Келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды. Мәселен, 500 Startups венчурлық қорының топ менеджментімен келіссөзден соң отандық QazTechVentures компаниясы стартап компаниялардың жаhандық қорына қосылды.

 Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу