Қытайда коронавирус құрбандарының саны 81-ге жетіп, оны 2830-ға жуық тұрғынның жұқтырғаны расталып отыр. Сонымен қатар бұл жұмбақ инфекция әлемнің 14 елінен табылды.
Тұмауға ұқсас және өкпені қабындыратын, емі жоқ жаңа ауру Қытайдың орталығындағы Хубей провинциясының Ухань қаласынан өткен айдың соңында анықталды. Соңғы тәуліктерде ол елдің 30 провинциясына жеткен. Осыған байланысты 17 қала оқшауланып, 60 миллиондай адамның сапарға шығуына шектеу қойылып отыр.
Және де жергілікті үкімет адамдар бірге жерге жиналмай, үйлерінде көбірек отыруы үшін Ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мейрамын ақпанның 2-не дейін созды. Болжамдарға қарағанда, бұл мереке кезінде жүздеген миллион адам жолға шығатындықтан, коронавирус тіпті өршиді деген қауіп бар.
Арыстан РЫСБЕК