Елімізде өткен тәулікте 71 адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде өткен тәулікте 71 адамнан коронавирус анықталды

01.10.2020

Өткен тәулікте ел бойынша 71 адам коронавирус жұқтырып, індетке шалдыққандардың саны 108 мыңға жетіп қалды. Ал 179 адамның вирусты пневмониямен ауырғаны белгілі болды. Жалпы саны 33 мыңға жуық. 

Ресми дерекке сәйкес, коронавирустан жазылып шыққандардың қатары 103 мыңға жетеғабыл. Ал, пневмониядан толық емделген науқастар саны 28 мыңға таяу. COVID-19-дан 1725, ал вирусты пневмониядан 355 адам көз жұмды. 

коронавирус статистика пневмония жалпы ахуал

Хабарламаларға жазылу