Ирактағы антиамерикалық шеруге мыңдаған адам шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирактағы антиамерикалық шеруге мыңдаған адам шықты

24.01.2020

Ирак астанасы Бағдадтың орталығында мыңдаған адам шеру өткізіп, Америкаға наразылық білдірді. Шииттердің әйгілі өкілі Мұқтада әс-Садр көшеге миллион адам шығаратынын ескертіп, Пентагон әскерін елден әкетуді талап етіп жатыр.

Әс-Садр кейінгі кездері Иранмен одақтасып отыр. Ал сол Ислам Республикасының әйгілі генералы Касем Сүлеймани осы айдың басында америкалық дронның соққысынан мерт болды.

Демонстранттар Құрама Штаттар контингентін оккупанттар деп атап, оны елден үкімет шығара алмаса, күшпен қуатынын ескертті. Алайда, АҚШ Ирак пен Сирияда «Даишқа» қарсы коалициялық күштерге жетекшілік ететінін мәлімдеп келеді.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу