Елбасы Қазақстанның халық әртісі Ж.Әубәкіровамен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Қазақстанның халық әртісі Ж.Әубәкіровамен кездесті

23.01.2020

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады. Кездесу барысында Елбасы кеңес қызметінің маңыздылығына тоқталды. Әсіресе, ұлттық қауіпсіздік мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде, бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруде маңызды рөл атқаратынын айтты. 

Елбасы сондай-ақ, Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады. Кездесу барысында өнер иесі Нұрсұлтан Назарбаевқа қазіргі қызметі туралы айтып, алдағы кезеңге шығармашылық жоспарларымен бөлісті. «Әйелдер арасында Бейбітшілік және прогресс сыйлығын алған бірден-бір адамсыз. Біздің мәдениетімізді әлем елдеріне насихаттадыңыз. Біліміңіз және тәжірибеңізбен өскелең ұрпақпен бөлісуді жалғастыра беріңіз», - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу