Айман Мұсақожаева Карнеги-холлда концерт береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айман Мұсақожаева Карнеги-холлда концерт береді

09.10.2023

Қазақстанда креативті экономиканы дамыту жайы АҚШ-та талқыланды. Қазақ Ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева әйгілі скрипкашы Сенатор Том Тиллистің кеңсесінде «Музыкалық дипломатия арқылы бейбітшілік» авторларымен және бірқатар университет басшыларымен кездесті. Тараптар халықаралық бағдарлама аясында өзара тәжірибе алмасу бойынша стратегиялық жоспарларын талқылады. Сонымен қатар Айман Мұсақожаева АҚШ-та тұрып жатқан қазақ диаспорасымен кездесті. Шара аясында скрипкашы 1792 жылғы Страдивариде ойнап, жиналған қауымның қошеметіне бөленді. Қазақстанның халық әртісі осы аптада Нью-Йорктегі Карнеги-холлда концерт береді. Оны фортепианода Грэмми номинациясына ие болған американдық композитор Лоуэлл Либерман сүйемелдейді.

Айман Мұсақожаева, ҚР халық әртісі:

Бірқатар кездесулер өткізіп, онда білім беру саласындағы өзара ынтымақтастық мүмкіндігін талқыладық. Өйткені президент Қазақстанда шет елдік үздік университеттердің филиалдарын ашу жөнінде тапсырма берген. Сондай-ақ шет елдерде біздің жоғары оқу орындарының да филиалдарын ашу міндеті тұр. Осы бағыттағы жұмыстарды талқыладық.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу