Грекияда мыңдаған тұрғыны ірі наразылық акциясына шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда мыңдаған тұрғыны ірі наразылық акциясына шықты

23.01.2020

Грекияда Эгей теңізіндегі аралдардың мыңдаған тұрғыны ірі наразылық акциясына шықты. Олар үкіметтен миграциялық дағдарысты еңсеріп, елді босқындардан босатуды талап етіп жатыр. Әйгілі Лесбос, Хиос және Самос аралдарында соңғы уақытта жағдай тіптен ушыққан. Оларда мигранттардың көптігінен 3 мың кісіге арналған орталықтарда қазір адам саны 21 мыңнан асып кетті. Соның салдарынан, лагерьлердегі санитариялық жағдай тым нашарлап, қылмыс пен зорлық-зомбылық өршіп тұр. 

Ел билігі мәселені шешу үшін мигранттарды құрлыққа көшіре бастаған. Алайда, бұл шара әзірге еш нәтиже бермей тұр. Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі агенттігінің хабарлауынша, Грекияда 100 мыңнан астам заңсыз мигрант бар. Олардың 40 мыңға жуығы Эгей аралдарында орналасқан. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу