Қытайда үшінші науқас «жұмбақ вирустан» көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда үшінші науқас «жұмбақ вирустан» көз жұмды

20.01.2020
Қытайда үшінші науқас «жұмбақ вирустан» көз жұмды

Қытай билігі 2 күннің ішінде «жұмбақ вирусты» 139 адам жұқтырды деп хабарлады. Бұл Ухань қаласынан тыс жерде инфекцияның алғашқы расталуы болды.

Вухан, Пекин және Шэньчжэньде жаңа жағдайлар анықталды.

Қазіргі уақытта расталған жағдайлардың жалпы саны 200-ден асады, олардың үшеуі көз жұмды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) «Іздеу мен тестілеудің жетілуіне» байланысты жағдайлар анықталып, науқастар саны көбейіп жатқанын мәлімдеді.

Коронавирус алғаш рет Уханьда желтоқсан айында пайда болды. Қазіргі сәтке дейін Таиландта 2, Жапонияда 1 жағдай тіркелді.

Ұлыбритания сарапшылары ВВС-ге вирусты жұқтырғандардың саны ресми деректерге қарағанда әлдеқайда көп болуы мүмкін деген пікірде екенін айтты.

BBC


Хабарламаларға жазылу