Елімізде бір тәулікте 313 адамнан індет анықталған

15.06.2020

Кеше ел бойынша 313 адамнан індет табылған. Жалпы, науқас болғандар саны 15 мыңға жуықтады. Олардың 9 мыңнан астамы жазылып шыққан. Сондай-ақ кеше ауру белгілері жоқ 490 тасымалдаушы тіркелген. Жалпы симптомсыз науқастардың ресми саны 5 мыңға жуықтаы. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін елімізде вирустан 77 адам көз жұмды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу