Шенеуніктердің айтуынша, ол үй заңсыз салынған және ол жер учаскесі егістікке арналған.
«Жер кодексі бойынша, бұл аумақта үй салуға болмайды», дейді әкімдіктегілер.
«Талғар ауданының сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлері бұл аумақта ғимарат салу туралы тапсырма бермеген. Эскиз жобасы да келісілмеген, сондай-ақ, ол нысанды пайдалануға беру туралы акт тіркелмеген», деді Талғар ауданы әкімдігі.