Қаскелеңде көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаскелеңде көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болды

08.01.2020
Қаскелеңде көпқабатты тұрғын үйде жарылыс болды

Салдарынан 11 жастағы бала қаза тапты. 

Төле би көшесі бойындағы көпқабатты тұрғын үйдің ең үстіңгі қабатындағы пәтерде газ-ауа қоспасы жарылып, қабырғалас тұрған бірнеше пәтерге нұқсан келген.

«7 адам, соның ішінде 3 бала түрлі жарақат алды. Барлық зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. 2009 жылы дүниеге келген бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған үйдің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірілді. Қаскелең әкімдігі уақытша тұру орнын ұйымдастырды. Жарылыс себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу