Австралиядағы өрттен 500 000 000 жануар өлді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралиядағы өрттен 500 000 000 жануар өлді

05.01.2020
Австралиядағы өрттен 500 000 000  жануар өлді

Сидней университетінің экологтары 480 миллионға жуық сүтқоректілер, құстар мен бауырымен жорғалаушылар Австралияның шығыс штаттарын шарпыған өрттен өлді деп санайды.

Жаңа Оңтүстік Уэльстегі коалалардың 30% -ы өрттен өлді, бұл «Қызыл кітапқа» енгізілген ұзын саны сегіз мыңға жуық жануар. Аймақты мекендеген жануарларға тек коалалар ғана емес, сонымен бірге сирек кездесетін түрлер де енеді. Олардың ішінде кенгуру де бар. Өлген жануарлар саны мен түрлері туралы Австралияның Қоршаған ортаны қорғау министрі Сюзанна Леймен айтқан.

Табиғат қорғау кеңесінің қызметкері Трейси Бургесс өрт сөндірушілер мен еріктілер күткендей көптеген жануарларды құтқара алмайтындығын және бұл алаңдаушылық тудыратынын айтты.

«Бізді алаңдататыны - оларды құтқару мүмкін емес», - дейді Трейси. «Атап айтқанда, коалалар тез қозғала алмайды. Сондықтан да өрттен тез қашып шыға алмайды. Сонымен қатар, олар эвкалипт жапырақтарымен қоректенеді, ал бұл ағаштар өте тез тұтанады және бірінші кезекте күйіп кетеді».

Әлеуметтік желілерде австралиялықтар өртенген жануарлардың бейнелері мен фотоларын жүктеп жатыр, сонымен бірге кей жануарлар құтқарылып, арнайы панаға жіберілуде, арнайы қызметкерлер сусызданған жануарларға емдеу мен күтім жасайды.

2020 жылғы 2 қаңтары таңертеңге дейінгі мәлімет бойынша Жаңа Оңтүстік Уэльс пен Виктория штатында 130-дан астам өрт болған. Жалын 4,5 миллион гектардан астам орманды жойды. Өртте кемінде 18 адам қаза тапты, 1400-ге жуық үй өртенді. Апат аймақтарында азық-түлік пен жанармай аз. Алдағы күнге арналған ауа райы болжамдары көңіл көншітпейді: әзір жаңбыр жаумайды.

joinfo.com


Хабарламаларға жазылу