Полицейлер оқиға орнына 10 минуттан соң жеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицейлер оқиға орнына 10 минуттан соң жеткен

27.12.2019

Талғар ауданына қарасты, Гүлдала ауылының шетіндегі екі қабатты құрылысқа «Bek Air» компаниясының ұшағы құлағанын тағы бір мәрте естеріңізге саламыз. Полицейлер оқиға орнына 10 минуттан соң жеткен. Қазіргі сәтте бұл жерде алматы қалалық ішкі істер басқармасының және төтенше жағдайлар басқармасының мамандары бірлесе жұмыс істеп жатыр. Қаза тапқандардың денелері үйінді арасынан шығарылып, атын-жөндері анықталуда. Ал, апаттан аман қалған жолаушылардың барлығы жергілікті денсаулық сақтау мекемелеріне жеткізілді. 

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ

Хабарламаларға жазылу