Оралда полицейлер терезеден құлағалы тұрған баланы құтқарып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда полицейлер терезеден құлағалы тұрған баланы құтқарып қалды

26.11.2021

Оралда полицейлер терезеден құлағалы тұрған баланы құтқарып қалды. Төртінші қабатта терезенің жақтауында тұрған 5 жасар баланы көргендер дереу 102-ге қоңырау шалған. Сол бойда оқиға орнына жеткен полицейлер оны шошытып алмас үшін әуелі есіктің сыртынан тілдеседі. Үлкендердің сөзіне құлақ асқан бала терезеден түсіп, есікті ашқан. Жалғызбасты анасы бұл уақытта жұмыста болған. 

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу