Непалда бортында 22 адам болған лайнер құлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Непалда бортында 22 адам болған лайнер құлады

30.05.2022

Непалда жоғалған ұшақтың сынықтары табылды. Бортында 22 адам болған лайнер таулы аймаққа құлаған. Апат орнына құтқарушылар әлі жеткен жоқ. Өйткені ол жерде нөсер жауын құйып тұр. Ал құлаған ұшақтың суретін сол аймақта жүрген бір фермер түсіріп алса керек. Әуе көлігі туристік Покхара қаласынан көкке көтерілгеннен кейін 15 минуттан соң радарлардан көрінбей қалған.

Ұшақ бортында болғандардың екеуі германиялық, төртеуі үндістандық, қалғаны - непалдықтар.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу