Есік
қорғанынан табылған «Алтын адам» биыл
әлемнің алты жетекші музейін аралады.
Халықаралық жоба «Қазан Кремлі»
мемлекеттік қорық-музейінен бастау
алып, әрі қарай «Ұлы дала: тарих және
мәдениет» көрмесі Өзбекстан, Солтүстік
Македония, Түркия, Малайзия және Грекияның
жетекші музейлерінде сәтті өтті. «Алтын
адам» үш жылда 12 елде көрсетілді. Бұл
жәдігерлер- дала өркениеті тарихының,
көшпелі империяның ұлы жеңістері мен
өрлеуінің дәлелі.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ