Olimp.KZ букмекерлік кеңсесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

09.01.2014
Olimp.KZ букмекерлік кеңсесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
 
Алматы қаласының Қаржы полициясы департаменті салық төлеуден жалтарды деген күдікпен Olimp.KZ букмекерлік кеңсесіне қатысты қылмыстық іс қозғады.
 
Анықталғанындай, бүгінгі таңда Қазақстанда «Olimp.KZ букмекерлік кеңсесі» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі 409 «Олимп» кассасы тіркелген.
 
Тексеру барысында 400-ден астам кассада салық салынатын кірісті жасырудың жолға қойылған жүйесі анықталған. Алдын ала мәліметтер бойынша, салық органдарынан жасырын ұсталған кірістің жалпы көлемі 300 миллион теңгеден асады.
 
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, «Олимп» кассаларынан ұтыстарын ала алмаған азаматтардың шағым-арыздары да тексеріліп жатыр,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хабарламаларға жазылу