Сидней қаласында мыңдаған адам шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сидней қаласында мыңдаған адам шеруге шықты

11.12.2019
Австралияның Сидней қаласында мыңдаған адам климаттың өзгеруіне қарсы шерулетіп жатыр. Олар биліктен орман өрті мен ауаның ластануына қарсы шара қолдануды талап етуде.   
Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында қазан айында басталған өрт әлі толық сөндірілмеді. Ол тіпті Сиднейге жетіп, қалада бірнеше апта бойы қою түтін сейілер емес. Климат жанашырлары одан қоршаған ортаға орасан зиян келіп, зардабын келешек ұрпақ та тартуы мүмкін екенін айтады. Сондықтан бұл мәселемен күресуде енжарлық танытып отырған билікке деген халық наразылығы өрши түсті.
Айта кетсек, Австралияда орман өртінен 4 адам қаза тауып, 400-ден астам отбасы баспанасыз қалды. Ал жанып кеткен алқап аумағы 1 миллион гектардан асады.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу